«Эко-Әдеттер челленджі» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға серпін берді

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ қолдауымен Қазақстан волонтерлері арасында өткен «Эко-Әдеттер челленджі» экологиялық мәдениетті дамыту мен саналы тұтыну әдеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.

Жоба сәтті аяқталып, экологиялық жауапкершілікті арттыруда нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Челленджге еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам жас волонтер қатысып, екі ай бойы экологиялық бағыттағы түрлі тапсырмаларды орындады. Қатысушылар қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды сұрыптау, ағаш отырғызу, экологиялық посттар жариялау, экобейнелер түсіру және экоинновациялық идеялар ұсыну сияқты іс-шаралар арқылы экологиялық мәдениетті насихаттады.

Жоба барысында әлеуметтік желілерде мыңдаған жазба жарияланып, #ЭкоӘдеттерЧелленджі және #ТазаҚазақстан2025 хэштегтері арқылы 30 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл экобастаманың кең аудиторияға таралуына және қоғамда экосананы нығайтуға ықпал етті.

– Челлендж экологиялық өмір салтын жастардың күнделікті дағдысына айналдыруға мүмкіндік берді. Волонтерлер өз үлгісімен басқаларды да табиғатты қорғауға шақырды, – дейді жоба ұйымдастырушылары.

Қорытынды кезеңде белсенді қатысушылар арнайы марапаттармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен аталып өтті.

«Эко-Әдеттер челленджі» экологиялық жауапкершілікті арттырып, таза әрі қауіпсіз болашақ үшін үлес қосудың жарқын үлгісіне айналды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес электронной почты опубликован не будет. Обязательные поля отмечены *