«JASYL SCHOOL» экологиялық білім мен волонтерлікті біріктірді

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ қолдауымен волонтерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен «JASYL SCHOOL» жобасы өз жұмысын табысты аяқтады.

Жоба экологиялық білім беруді, жасыл әдеттерді дамытуды және волонтерлікті насихаттауды біріктіре отырып, жастардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттырды.

Бағдарлама аясында еліміздің түрлі өңірлерінен келген мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері үшін экология, тұрақты даму, климат өзгерісі және қалдықтарды сұрыптау тақырыптарында дәрістер мен семинарлар өткізілді. Сондай-ақ, қатысушылар үшін экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған қызықты EcoQuest ұйымдастырылып, эко-волонтерлік дағдыларды дамытуға арналған тренингтер мен практикалық сабақтар өтті.

Жоба барысында білім беру ұйымдарында «Эко-әдет: Кішкентай қадам – үлкен өзгеріс!» атты ақпараттық сессиялар өткізіліп, жастар мен жергілікті қауымдастық арасында экологиялық өмір салты кеңінен насихатталды.

– «JASYL SCHOOL» экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, жастарды нақты әрекетке, яғни өз аймағында табиғатты қорғауға үлес қосуға ынталандырды, – дейді жоба ұйымдастырушылары.

Нәтижесінде жүздеген жас қатысушы экологиялық біліммен қаруланып, өз ортасында эко-волонтерлік бастамаларды жалғастыруға ниетті белсенділерге айналды.

«JASYL SCHOOL» жобасы жастардың экосанасын қалыптастырып, қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға зор үлес қосты.

Оставить комментарий

Ваш адрес электронной почты опубликован не будет. Обязательные поля отмечены *