ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА САРАПШЫЛАР «МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
2023 жылғы 28 шілдеде ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты онлайн-режимде «Масс-медиа туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын сараптамалық талқылаудан өткізді. Іс-шараға танымал медиа-сарапшылар, баспасөз қорғаушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ заң жобасын әзірлеуші-ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қатысты.