«Еуразиялық мониторинг» қазақстандық аналитикалық зерттеу орталығы аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі маңызды процестерді ұғыну және талқылау үшін сарапшы диалог алаңы ретінде 2014 жылдың тамыз айында құрылған
Ұйымның негізгі міндеттері:
— халықаралық қатынастар саласындағы бағалаулар мен тұжырымдамалар және еуразиялық экономикалық интеграцияның басым салалары бойынша тәуелсіз сараптық талдамалы зерттеулер мен болжамдарды жүргізу;
— азаматтық қоғамының институтының дамуына ықпал ету, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді қолдау:
1) Мемлекеттер арасындағы өзара тиімді екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жаңа үрдістері мен перспективтік бағыттарын анықтау;
2) Екі ел үшін ең перспективті жобаларды әзірлеу;
3) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде екі жақтың қарым-қатынастарын дамытуға, саяси, экономикалық және әлеуметтік бастапқылықты бағалау
Ұйымның қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қазақстанның ынтымақтастығы тақырыптары бойынша халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
- Анықтама, аналитикалық, ғылыми әдебиеттерін (мерзімді өнімдері, кітаптар, журналдар және т.б.) басып шығару және жүзеге асыру;
- Мүдделі адамдарға аналитикалық және сараптамалық қолдау көрсету;
- Еуразиялық экономикалық одақ аясында көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер және мониторинг жүргізу (екі ел арасындағы кірістер мен өмір сүру деңгейі, еңбек нарығын дамыту, кәсіпорындар ішінде әлеуметтік және еңбек процестері мен әлеуметтік-демографиялық процестері бойынша).
Орталықтың қарауында Қазақстан, Ресей және халықаралық сарапшыларды біріктіретін камқоршылық кеңес құрылған.
Орталықтың атқарушы дирекоры — Тажибаев Алибек.
Мекен-жайы: 010000 Астана, А.Байтурсынов көш., 5 үй, ЖК Хайвилл, D3 блогы, 39 кеңсе