Махамбет ауданында жұмыссыз жастарға арналған «Bolashaqqa Qozgalys» грант конкурсы қорытындыланды
Атырау облысы, Махамбет ауданының жастары арасында өз елді мекенін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау мақсатында «Bolashaqqa Qozgalys» грант конкурсының қорытындысы шығарылды. Жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен және «Болашаққа қозғалыс» жеке қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Конкурстың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі жұмыссыз және белсенді жастардың әлеуметтік және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, өз өңірін дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Байқауға Махамбет ауданы мен ауылдық округтерден 50-ге жуық өтінім түсті....











