2023 жылғы 28 шілдеде ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты онлайн-режимде «Масс-медиа туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын сараптамалық талқылаудан өткізді.
Іс-шараға танымал медиа-сарапшылар, баспасөз қорғаушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ заң жобасын әзірлеуші-ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қатысты.
Заң жобасын әзірлеуші «Масс-медиа» жаңа заңын қабылдау қажеттілігі қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының түбегейлі ескіргендігімен, қазіргі заманның жаңа сын- тегеуріндері мен қазіргі заманның легіне сәйкес келмейтіндігімен және масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастардың қазіргі заманғы талаптарын толық қанағаттандырмайтындығымен байланысты.
Заң жобасында ұғымдық аппарат жаңартылды, олардың иелеріне аккредиттеуге оңай қол жеткізуді қамтамасыз ететін баспасөз карталарын енгізу және журналистердің құқықтарының сақталуын мониторингтеу және талдау құралы ретінде Журналистердің құқықтары мен бостандықтары туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама сияқты жаңалықтар ұсынылды. Сондай-ақ, заң жобасында өз қызметін дүлей апаттар мен төтенше жағдайлар ауданында жүзеге асыратын журналистерді қорғауға бағытталған нормалар бекітілген.
Талқылау барысында «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ Реттеушілік және корпоративтік сүйемелдеу бөлімшесінің басшысы Рауан Гаипов, «TV Commerce» ЖШС Заң департаментінің басшысы Ольга Пехенько, Парламентаризм институтының Әлеуметтік жобалар мен қоғамдық бастамалар орталығының бастығы Наталья Пан, ұлттық және халықаралық медиа-құқық саласындағы сарапшы Гүлмира Біржанова, Құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова, Парламентаризм қорының президенті Зауреш Батталова сөз сөйледі.
Сараптамалық талқылау барысында «Масс-медиа туралы» жаңа заң жобасы едәуір жаңалық әкелмейтіндігі, яғни бұрыннан бар екі ескі заңның – «БАҚ туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» біріктірілуі екендігі туралы да ескертулер айтылды. Сонымен қатар, сарапшылар мемлекеттік не жеке бұқаралық ақпарат құралдары болсын, яғни оларды қаржыландырудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сарапшылар ақпараттық егемендік ұғымын анағұрлым нақтырақ реттеуді ұсынды.
Талқылау барысында айтылған ұсыныстарды сарапшылар жазбаша түрде ұсынатын болады. Парламентаризм институты сараптамалық ұсынымдар жиынтығын Мәжіліске одан әрі қарау үшін жолдайды.