Талибан қозғалысы 31 тамыз 2021 жылы АҚШ президенті Джозеф Байденнің АҚШ-тың қарулы күштерінің 650 сарбаздан тұратын соңғы контингентін Ауғанстаннан шығарылатынын туралы ресми жариялауынан кейін, белсенді әскери әрекеттер арқылы Ауғанстан жерінің басым көпшілігін өз бақылауына алып, Ауған ислам әмірлігін құрған әскери, экстремистік топ.
Тәліптер-(пуштун тілінен аударғанда)- оқушы, шәкірт Кеңес-Ауған соғысы кезінде Ауғанстаннан қашып, Пәкістан медреселерінде оқу, тәлім-тәрбие алған босқындардың балалары. Тәліптердің басым көпшілігі Ауғанстан және Пәкістан жерінде пуштун халқынан тұратын адамдардан құрылған ислам дінінің суннит бағытынның ханнафи мазһаб ағымын ұстанатын, радикалды, экстремистік, қаруланған және әлемнің басым көпшілігінде сонымен қатар Қазақстанда террористік қозғалыс болып мойындалған ұйым. Олар шариғат пен пуштундардың дәстірлі пуштуновалай ұлттық діни ұғымын ұстанады және бұл басқа экстремистік ұйымдардың қасында көзге түседі.
Тәліптердің Ауғанстан жерінде билікке келуі, бұл тарих сахнасындағы террористік ұйымнің аймақтық емес мемлекет басшылығына келуінің бірінші жағдайы және бұл әлем қоғамы үшін шошытарлық жаңалық болып келді.Өйткені американдықтардың Ауғанстаннан шұғыл және тағы да басқа факторлардың кесірінен кетуі, тәліптерге Әль-Кайда, Хаккани, Лашкаре-Тайба және Пәкістан мен Кашмир жерінде орналасқан террористік ұйымдардың қолдауымен, әлем мойындаған Ауған Ислам Республикасының билігін тез арада құлатып, американдықтарың қалдырып кеткен қаруларын ие болуына әкелді. Бұл, Ресей, Қытай, Иран және әсіресе Орта Азияның шекарасында, АҚШ-тың заманауи қаруы-жарағымен қаруланған, исламның радикалды ағымын ұстанатын, әлеммен мойындалмаған, терроризімді үгіт-насихаттайтын, сонымен қару-жарақпен есірткіні көлеңкелі нарық арқылы сатып, табыс табатын мемлекеттің пайда болуына әкелді. Орта Азия үшін тәліптердің билікке келуі, бұл ең қауіпті жағдайлардың бірі болып табылады. Өйткені қазіргі уақытта Орта Азия әлемдегі тұрақтылық деңгейі төмен, әскери жағынан әлсіз және халқы кедей аймақтарға жатады. Бұған дәлел ретінде 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ақтөбе қаласында болған террорситік шабуыл,1992-1997 жж аралығында өткен азамат соғысы кезінде террористік ұйымдардың араласуы. Сонымен бірге Орта Азия мемлекеттерінің ішінде әлеуметтік желіде сонымен 90-00 жылдарда экстремистік әдебиеттердің таралуы, кейбір адамдардың Таяу Шығысқа экстемистік-террористік ұйымдарда соғысқаны, осы аймақтың бұндай үгіт-насихатқа еліктеуі аз емес. Бұл Ауғанстан билігінде отырған Талибан үшін өз экстермистік-террористік үгіт-насихатын таратуға жеңіл болып келеді. Өйткені Талибан Орта Азия жерінде террористік болып тыйымға салынған Әль-Кайданы, Шығыс Түркістанның ислам қозғалысын, Өзбекстанның ислам қоғалысын, Исламның жиһад одағасы секілді ұйымдарды одақтас болды, қолдайды не қолдаған. Бұл ұйымдар Орта Азия жерінде құқықтық заңға емес, шариғат заңына бағынатын Әмірлікті құруын қалайды және атсалысады. Талибанның бұл қозғалыстарды қолдауы, бұл тәліптердің Орта Азия мемлекеттерінің басқару жүйесін және конституциялық тұрақтылығын мойындамайтынын көрсетіп, болашақта өзі не жоғарыда айтылған қозғалыстарды қарулы және қаржылай қолдау арқасында өз алдына қойған мақсаттарды орындау қаупі бар. Әсіресе әмірлікпен шекаралас жатқан Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстан үшін терроризмге тойтарыс беру және әмірлік жерінен үгіт-насихаттың таралуына жол бермеу, мемлекет үшін қауіпсіздік мәселесі өте жоғары тұр.