Шара ұйымдастырылған алаңға түрлі елден 80-ге жуық қатысушы жиналған
30 қарашада Астанада «Росатом» мемлекеттік корпорациясының қолдауымен «Атом энергетикасы - энергетикалық және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету механизмінің бірі» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Венгрия және Түркия сарапшылары қатысқан.
Сарапшылардың айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен планетаның климаттық жағдайы қорғау мақсатына жету үшін атом энергетикасының маңыздылығы зор: атом электр станциясының үздіксіз жұмысының арқасында қоғам мен өнеркәсіп тұрақты әрі төмен көміртекті энергия көзін алып отырады. Бұған Беларусь жақсы мысалдың бірі бола алады. Бұл ел өз кезегінде табиғи газ шығынын 3 есеге азайта алған (немесе жылына 5-6 текше метр), сондай-ақ парниктік газ шығындарын да жылына 7 млн тоннаға азайтқан.
«Пакш-2» және «Акку» атом электр станциясының құрылысы Венгрия мен Түркияның да энергетикалық жүйелерін декарбонизациялауға әрі өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ете алғаны белгілі.
«Бізде жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы бар. Парниктік газ шығарындарын азайтып, 2060 жылға қарай көміртегінің бейтараптылығына қол жеткізуіміз қажет. Бұл мәселені шешуге бізге атом энергетикасын дамыту үлкен жәрдем болуы тиіс. АЭС – бұл таза, сенімді, тұрақты базалық генерацияның көзі болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде атом энергетикасы энергия жүйесін дамытудың ең болашағы зор бағыттың бірі», - деп «Қазақстандық атом электр станциялары» бас директоры Тимур Жантикин өз сөзінде атап өтті.
«Росатом»-ның кез-келген модель бойынша атом энергетикалық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндігі мен тәжірибесі бар. Біз клиентке ең тиімді бюджетпен ең жақсы технологиялық шешім ұсыну үшін халықаралық консорциумдарды тартуды қамтамасыз етуге дайынбыз», - деп «Росатом Орталық Азия» бас директоры Сергей Громов түсіндірді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар сондай-ақ атом энергетикасының жоғары технологиялық салаларға, ғылымға, елдердің кадрлық әлеуетін дамытуға қосқан үлесін де талқылады. Бұдан бөлек, Орталық Азия елдеріндегі су тапшылығы жағдайында атом электр станцияларын пайдаланудың экологиялық аспектілері де жеке тақырып ретінде қаралды. Сарапшылар құрылғыны салқындату барысында су шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін «құрғақ» салқындатқыш мұнараларды пайдалану тәжірибесін де айтып берді.