БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ: ЕЛОРДАДА «True or False» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қалалысы Коғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «True or False» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.«True or False» жобасы жастардың ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған. 

Нұр-Сұлтан қалалысы Коғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «True or False» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

«True or False» жобасы жастардың ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Жоба аясында Мектеп ашылады, мектептің мақсаты – жастарға киберкеңістіктегі ақпаратты дұрыс талдау, жалған ақапаратты ажырату және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Қазан айынан қараша айына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушы үшін тренингтер өткізіледі.

Тренингтерді IT, киберқауіпсіздік, психология және коммуникация саласының жетекші сарапшылары өткізетін болады.

Қатысушыларды тіркеу 3 қазанға дейін ашық. Толық ақпаратты жобаның ресми Инстаграмдағы аккаунтында @trueorfalse.qz немесе +7 705 560 5087 нөмірі бойынша білуге болады.

«Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қартынды дамуына дайын болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», – деп Басқармада атап өтті.

Жобаның ұйымдастырушысы: Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы». Серіктесі «Еуразиялық Мониторинг» аналитикалық зерттеу орталығы.

Жобаның өзектілігіне байланысты, Сіздерден ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз

Оставить комментарий

Ваш адрес электронной почты опубликован не будет. Обязательные поля отмечены *