Нұр-Сұлтан қалалысы Коғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «True or False» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
«True or False» жобасы жастардың ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Жоба аясында Мектеп ашылады, мектептің мақсаты – жастарға киберкеңістіктегі ақпаратты дұрыс талдау, жалған ақапаратты ажырату және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Қазан айынан қараша айына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушы үшін тренингтер өткізіледі.
Тренингтерді IT, киберқауіпсіздік, психология және коммуникация саласының жетекші сарапшылары өткізетін болады.
Қатысушыларды тіркеу 3 қазанға дейін ашық. Толық ақпаратты жобаның ресми Инстаграмдағы аккаунтында @trueorfalse.qz немесе +7 705 560 5087 нөмірі бойынша білуге болады.
«Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қартынды дамуына дайын болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», – деп Басқармада атап өтті.
Жобаның ұйымдастырушысы: Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы». Серіктесі «Еуразиялық Мониторинг» аналитикалық зерттеу орталығы.
Жобаның өзектілігіне байланысты, Сіздерден ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз